World News in Kazakh
Июль
2015
1
2
3

Новости за 21.07.2015

Казинформ 

ҚР Президенті дербес білім беру ұйымдары жұмысының сапасын жақсартуға бағытталған заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев академиялық басқару жүйесі мен дербес білім беру ұйымдары жұмысының сапасын жақсартуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша

Казинформ 

Мемлекеттік органдар қоғамдық пікірге сай жылдам шешім қабылдай алуы тиіс - С.Нұрбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының «100 қадам» Ұлт жоспары аясында құрылатын жаңа мемлекетік аппарат қоғамдық пікірді ескере отырып, жедел шешім қабылдай алуы тиіс. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының басшысы, сарапшы Саясат Нұрбек мәлiм еттi. 

Казинформ 

Елбасы мақта саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған заңға өзгерістер енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мақта саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Казинформ 

Қазақстандық экспорт - индустрияландыру тірегі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаһандық дағдарыстың жағадан алған бүгінгі жағдайында әлемнің көптеген мемлекеттері тауар экспортына қатысты біршама қысым көріп отырғаны айқын. Әлемдік экономика тұрақсыз күйге түскен уақытта көптеген елдерде экономикалық өсім баяулап, бәсекелестік ұлғайып, тұтыну саябырситыны да анық. Әлемдік саудамен ықпалдастығы артып отырған Қазақстан үшін де экспорт мәселесі өзекті. Өйткені, әлемнің алмағайып ахуалы Қазақстанды сырт айналып өтпейтіні белгілі.

Казинформ 

Алматыда ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен емделген 25 мыңға жуық адамның 800-і ғана есептен шығарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен емделген 24258 адамның 800-і ғана есептен шығарылды. Айта кетейік, былтыр осы уақыт аралығында емдеу курсынан 31415 адам өткен. Бұл туралы бүгін қалалық Денсаулық сақтау басқармасының «Алматы қаласындағы наркологиялық көмекті жақсарту мен жетілдірудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығының директоры Гүлсара Сүлейменова айтты. 

Казинформ 

Қазақстандық студенттер жемқорлық пен қағазбастылықты шатастырады - С.Ахметов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық студенттер «жемқорлық» түсінігі туралы аз хабарландырылғандықтан, оны қағазбастылықпен немесе тұрмыстық құқық бұзушылықтармен шатастырады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сапар Ахметов жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес отырысында айтты.

Казинформ 

Қазақстандағы әрбір алтыншы жемқорлық қылмыс білім беру саласында жасалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы әрбір алтыншы жемқорлық қылмыс білім беру саласында жасалады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасаның орынбасары Сапар Ахметов жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес отырысында айтты. 

Казинформ 

Алматыда биыл нашақорлықтан емделіп шыққан 15 адам жұмысқа орналастырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығынан емделіп шыққан 15 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік бағдарлама наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығы мен қалалық жұмыспен қамту орталығы қол қойған өзара келісімнің аясында жүзеге асты. 

Казинформ 

«Нұр Отанда» Талғат Ермегияевті партиядан шығару мәселесі талқылануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген айып тағылып отырған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев әзірге «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығарылған жоқ. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сапар Ахметов журналистерге берген сұхбатында айтты.

Казинформ 

Алматыда жыл соңына дейін электронды билет беру жүйесімен барлық қоғамдық көлік қамтылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл соңына дейін электронды билет беру жүйесімен барлық қоғамдық көлік қамтылады. Жолақысын төлеудің жаңа автоматтандырылған жүйесі туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында «Алматы көлік холдингі» ЖШС директоры Серік Жұмабаев айтты. 

Казинформ 

Аймақта қызмет iстейтін «болашақтықтардың» еңбекпен өтеу талабы қысқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аймақтарда қызмет iстеуге ниет бiлдiрген «Болашақ» бағдарламасының түлектерiне бесжылдық еңбекпен өтеу талабы қысқартылатын болады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының басшысы, сарапшы «Болашақ» стипендияты Саясат Нұрбек мәлiм еттi. 

Казинформ 

Мемлекеттік қызметшінің мансаптық моделіне көшу 2016 жылдан басталады - С. Нұрбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мемлекеттік қызмет» туралы жаңа заң 2016 жылы қабылданады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының басшысы, сарапшы Саясат Нұрбек мәлiм еттi. 

Казинформ 

Қарағандыда жасөспірімдерді интимдік фотолары мен видеоларын жіберуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыдда үркітіп-қорқыту арқылы жасөспірімдерді жалаңаш күйінде түскен фото және видеоларын жіберуге мәжбүрлеген азамат қолға түсті, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен. 

Казинформ 

«Ксеll» абоненттерге 1,5 млрд.-тан астам теңгені қайтарады - ҰЭМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті атынан ҚР Ұлттық экономика министрлігінің монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау қорытындысы бойынша «Ксеll» АҚ-ға бәсекелестік заңнаманы бұзу нәтижесінде алынған ақшалай қаражатты абоненттерге қайтару туралы нұсқама шығарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Казинформ 

Түркия курортында Қазақстан азаматы қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматы Түркияның Белек курорттық ауданында қайтыс болды, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Казинформ 

ДСҰ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН: Ұйым беретін 10 мүмкіндік

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың желтоқсанында Қазақстан бүкіләлемдік сауда жүйесін түзіп отырған Дүниежүзілік сауда ұйымына толыққанды мүше болады. Сөйтіп, 2016 жылдың басынан еліміз дүние елдерінің басым бөлігімен сауда-саттықтың жаңа тәртібіне көшеді.