Алматыда ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен емделген 25 мыңға жуық адамның 800-і ғана есептен шығарылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен емделген 24258 адамның 800-і ғана есептен шығарылды. Айта кетейік, былтыр осы уақыт аралығында емдеу курсынан 31415 адам өткен. Бұл туралы бүгін қалалық Денсаулық сақтау басқармасының «Алматы қаласындағы наркологиялық көмекті жақсарту мен жетілдірудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығының директоры Гүлсара Сүлейменова айтты.