«Ксеll» абоненттерге 1,5 млрд.-тан астам теңгені қайтарады - ҰЭМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті атынан ҚР Ұлттық экономика министрлігінің монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау қорытындысы бойынша «Ксеll» АҚ-ға бәсекелестік заңнаманы бұзу нәтижесінде алынған ақшалай қаражатты абоненттерге қайтару туралы нұсқама шығарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.