Брокколи – нағыз дәруменді-минералды қуат!
Брокколи – қырыққабатты тұқымдастардың біржылдық өсімдігі, қою жасыл түсті гүл шоғыры болып табылады. Бұл көкөністің атауы «брокко» деген итальян сөзінен шыққан, бұта деген мағынаны білдіреді. Брокколидің құрамында жасұнық, калий, фосфор, кальций, магний, темір, мырыш, марганец, күкірт, С, В1, В2, В5, В6, РР, Е, К дәрумендері, А дәрумен негізі бар. Брокколидің құрамындағы С дәруменінің мөлшері лимон құрамындағы мөлшермен бірдей. Бұл көкөністен әр түрлі тамақтар әзірленеді. Оны қуыруға, суға қайнатуғ немесе шикілей түрде жеуге болады. Шикілей түрде көбінесе салаттарға қосылады.