Қарағандыда ұсталған қылмыстық топтан киіктің 700-ден астам мүйізі тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар елді мекенінде соңғы бірнеше жыл ішінде аталған екі облыс аумағында Қызыл кітапқа енген киіктерді заңсыз атумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.