Алматыдағы кинофестивальде әлемнің 30-ға жуық елінің жастарының туындылары көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21-25 қазан аралығында Алматыда студенттік және дебюттік фильмдердің V халықаралық кинофестивалі өтеді. Жыл сайынғы бұл кино мерекесін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Tanaris Production» кинокомпаниясы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды қалалық мәдениет басқармасынан.