Астанада жылдың басынан бері 12 496 пәтер пайдалануға берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жылдың басынан бері жалпы ауданы 1 407 186 шаршы метрді құрайтын 12 496 пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде мемлекет меншігі 213 228 шаршы метрді, жеке меншік 1 117 218 шаршы метрді, шетелдік меншік - 76 740 шаршы метрді құрады, деп хабарлады astana.gov.kz.