Астана полицейлері шырша сатудың заңдылығын тексереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында Астана қалалық Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Шырша» жедел алдын алу шараларын өткізеді. Шараның мақсаты - табиғатты қорғау органдарына жәрдем беру бойынша қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, тасымалдау және сатудың жолын кесу.