“Тарихты жаңартты”: ХОК қазақстандық чемпион туралы жазды
Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) баспасөз қызметі қазақстандық Михаил Шайдоров туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Tengri Sport ұйымның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
Италияда өткен қысқы Олимпиадада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы бұл спорт түрінен ел тарихындағы тұңғыш чемпион атанды.
"Тарихи оқиға. Михаил Шайдоров Милан мен Кортинадағы Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан үшін алғашқы алтын медальді жеңіп алып, тарихты жаңартты. Бұл – ел үшін 1994 жылдан бергі қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтын медаль", - деп жазады ХОК баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) Instagram парақшасына 16 миллион адам жазылған – бұл спорт тақырыбындағы ең танымал парақшалардың бірі.
Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров Италиядағы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан алтын иеленген болатын.
Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы бесінші сатыда тұрған еді, бірақ еркін бағдарламада барлық секіру элементтерін мінсіз орындап, жеңімпаз атанды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
The Olympic Games (@olympics) жарияланымы
Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан үш дүркін әлем чемпионы және олимпиада чемпионы, америкалық Илья Малинин Олимпиадада Шайдоровтан жеңілгеннен кейін мансабында үзіліс жасауы мүмкін екені хабарланған болатын.