World News in Kazakh

Астанадағы Есіл ауданында өрт шықты

Астанадағы Есіл ауданында өрт шықты. Оқырмандар қою қара түтіннің суреттерін редакцияға жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ашық алаңда жиналған қоқыс өртенген.

"Шұғыл түрде өрт оқпандары тартылып, су үздіксіз берілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Көп ұзамай өрт толық сөндірілді. Өрттің аумағы 50 шаршы метр болды. Зардап шеккендер жоқ.

Читайте на сайте