World News in Kazakh

Алматыда жоғалып кеткен екі жасөспірім Титов асуы аумағынан табылды

Алматының Медеу ауданында, 3871 метр биіктіктегі Титов шыңы маңында екі жасөспірім тауға шығып, байланыссыз қалған. Олардың жүрген жері белгісіз болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағы" РММ құтқарушылары жұмылдырылған. Іздеу шаралары түнгі уақытта жүргізілді. Құтқарушылар күрделі таулы жағдайда Титов шыңы бағытындағы маршрутты жаяу шарлап шыққан.

Іздеу барысында жасөспірімдер Титов асуы маңынан табылған. Тауда ұзақ уақыт болғанына қарамастан, жастарға медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарушылар жасөспірімдерді таулы жерден "Медеу" спорт кешеніне дейін шығарып салып, туыстарына аман-есен табыстаған.

Читайте на сайте