World News in Kazakh

“Челси“ Дастан Сәтпаевқа қатысты шешім қабылдады

Ағылшындық "Челси" қазақстандық Дастан Сәтпаевты Ағылшын Премьер-лигасының (АПЛ) жаңа маусымына тіркеді, деп хабарлайды Tengri Sport чемпионаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
АПЛ сайтында жарияланған лондондық клубтың құрамында Дастан Сәтпаев 36-нөмірмен шабуылшылар тізімінде тұр.
Сондай-ақ Англия чемпионатының сайтында алғаш рет қазақстандық футболшының профилі пайда болды.
Алайда қазіргі уақытта лиганың баспасөз қызметі "Қайрат" түлегінің профиліне фотосурет қоса қоймаған.
Фото: premierleague.com
Айта кетейік, "Челсидің" өз сайтында Дастан Сәтпаевтың профилі әзірге жоқ.
Ағылшын Премьер-лигасының маусымы келесі аптада басталады, ал "Челси" алғашқы матчін 25 тамызға қараған түні "Фулхэмге" қарсы өткізеді.
Осы аптада команда "Реал Сосьедадқа" қарсы жолдастық кездесу өткізуі тиіс.
Сәтпаев "Челси" үшін 18 жасқа дейін гол соғып үлгерді
Еске салсақ, 12 тамызда Дастан Сәтпаев 18 жасқа толды, осыдан кейін көптеген статистикалық порталдар оның ресми түрде "Челсиге" тиесілі екенін көрсетті.
Бұл ретте қазақстандық вингер клуб жейдесінде төрт матч өткізіп үлгерді. Маусым алдындағы турне аясында ол лондондықтармен бірге қаралымдағы ойыншы ретінде аттанған болатын.
Сәтпаев алғашқы матчының алтыншы минутында-ақ "Челси" сапындағы алғашқы голын соқты.

26/27 маусымындағы біздің алғашқы голымыз! ????
— Chelsea FC (@ChelseaFC) July 28, 2026
Сонымен қатар БАҚ беттерінде Дастанның ағымдағы маусымды жалға беру (аренда) негізінде өткізуі мүмкін екені жазылып жатыр. Қазақстандық ойыншыға үміткерлердің қатарында француздық "Страсбур", ағылшындық "Халл Сити", испандық "Расинг", тіпті "Қайраттың" да аты аталады.
Дастан Сәтпаевтың "Челсидегі" дебюті жанкүйерлер арасында үлкен серпіліс тудырып, оны Қазақстан құрамасының ең танымал футболшысына айналдырды.

Читайте на сайте