World News in Kazakh

Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды

Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Ғизат Нұрдәулетовтің өмірбаяны
Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасының тергеушісі болып бастаған. Кейін осы аудан прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
1996-1997 жылдар аралығында Мемлекеттік тергеу комитетінде МТК аудандық бөлімі бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, Алматы облысы бойынша МТК департаменті ұйымдастыру-кадр басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет етті.
1997-2017 жылдар аралығында ҰҚК бөлімшелерінде ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа, экстремизмге және терроризмге қарсы күрес саласында жұмыс істеді. Тергеу басқармасының бастығы, кейін Алматы бойынша департамент бастығының орынбасары болды, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының департаменттерін басқарды, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу департаментіне жетекшілік етті.
2017 жылдың шілдесінен бастап Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.
2019 жылдың наурызынан бастап Бас прокурор лауазымын атқарды.
2022 жылдың ақпанында Бас прокурор қызметінен босатылып, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
2023 жылдың қыркүйегінде Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып қайта тағайындалған.

Читайте на сайте