World News in Kazakh

Алматыда жол талғамайтын көлік тізгіндеген оқушы жеке үйдің қоршауын қиратты

Түрксіб ауданында кәмелетке толмаған бала тізгіндеген көлік қоршауға соғылды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, Артиллерия көшесіндегі қақпа мен қоршау қираған. Бейнежазбадан аулаға Nissan Patrol маркалы автокөлік кіріп кеткені байқалады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Сергек Қазақстан (@sergek.kaz) жарияланымы


Біз ақпарат алу үшін Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарластық.
Nissan тізгініндегі кәмелетке толмаған жүргізуші жеке үйдің қоршауына соғылды. Жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 10 шамасында Түрксіб ауданында болған, деп хабарлады Әкімшілік полиция басқармасы.

"Жасөспірім Тоқтағұл көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Артиллерия көшесімен қиылыста ол тізгінге ие бола алмай, темір қоршауға соғылған", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта Түрксіб аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Сондай-ақ полициядағылар жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатынын хабарлады, өйткені олар баланың көлік тізгініне отыруына жол берген.

Читайте на сайте