World News in Kazakh

Астанадағы тұрғын үйде төбе өртенді: видео

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде төбе өртенді. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТҮК-нің бірінші қабатында жарық беру құрылғысы (плафон) қысқа тұйықталған. Тұйықталудан кейін шамамен 0,5 шаршы метр аумақта өрт шыққан.
"4 қыркүйек күні сағат 08:36-да "101" пультіне кіреберістің түтіндегені туралы телефон хабары түсті. Оқиға орнына жеке құрамның 12 адамы мен 3 техника бірлігінен тұратын МӨБ-3 бөлімшесі жіберілді", - деп хабарлады ТЖД.
Видеода кіреберістегі өрт лаулаған отты жаңбырға ұқсаған.

Өртсөндірушілер келгенге дейін жалын сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, тұрғындар эвакуацияланған жоқ.
Өрт фактісі бойынша басқарушы компанияға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 410-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Анықтама: ӘҚБтК-нің 410-бабы - техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау.

Читайте на сайте