World News in Kazakh

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының жаңа басшысын және орынбасарларын тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Ақордаға" сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мұрат Баймұқашев 1967 жылы туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, ҰҚК-нің Қарағанды жоғары мектебін және Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.
1994–2009 жылдары құқық қорғау органдарында, соның ішінде Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурада қызмет атқарған.
Кейін премьер-министр кеңсесінде, Қауіпсіздік Кеңесінде және Ішкі істер министрлігінде түрлі лауазымда жұмыс істеді.
2020–2021 жылдары Әкімшілік полиция комитетін басқарды, кейін ішкі істер министрінің орынбасары болды.
2022–2023 жылдары Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ал 2023 жылдың қыркүйегінен бері қайтадан Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болған.
2021 жылы оған полиция генерал-майоры атағы берілді.

Читайте на сайте