World News in Kazakh

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруына тілектестік білдірді", - деп атап өтті Ақорда баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.
Айта кетейік, Ресейде Мемлекеттік дума депутаттарын және өңірлік сайлау бойынша үш күндік дауыс беру аяқталды. Экзитпол мәліметінше, "Единая Россия" 50 пайызға жуық дауыс жинап отыр. КПРФ - 14-15 пайыз, ЛДПР - 10 пайызға жуық дауыс жинаған. Сондай-ақ Мемлекеттік думаға "Новые люди" және "Справедливая Россия" партиялары өтеді.
Ресей Орталық сайлау комиссиясының Мәскеу уақытымен сағат 21:00-дегі мәліметі бойынша, Мемлекеттік дума сайлауында сайлаушылардың келуі 56,6 пайыз болды. Бұл 1993, 2016 және 2021 жылдардағы көрсеткіштерден жоғары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте