Астана мен Алматыда 8-10 қазанда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 8, 9 және 10 қазанда мегаполистерде ауа райы қандай болады - Tengrinews.kz материалында.
Алдағы күндері Астанада жаңбыр жауып, күшті жел соғып, күн айтарлықтай суытса, Алматыда жылы әрі құрғақ ауа райы сақталады. Елордада желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді, ал Алматыда ауа температурасы +21 градусқа дейін көтеріледі.
Астанадағы ауа райы
8 қазанда көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, түнде және таңертең кей уақытта секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +11...+13 градус.
9 қазанда көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +8...+10 градус.
10 қазан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -1...-3 градус, күндіз +9...+11 градус.
Алматыдағы ауа райы
8 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс бағыттардан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +17...+19 градус.
9-10 қазан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +19...+21 градус.
Қазақстанда +27 градусқа дейін жылы болады
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын хабарлаған болатын. Өңірлердің басым бөлігінде жаңбыр жауады, ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен жылбысқы қар күтіледі. Сонымен қатар батыс пен оңтүстікте жауын-шашын болжанбайды, онда температура +27 градусқа дейін көтеріледі. Толығырақ осы жерден оқыңыз.