World News in Kazakh

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Фото: Ақорданың баспасөз қызметіҚұрмет қарауылы ротасының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.

Бұған дейін Президент қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған болатын.

Читайте на сайте