World News in Kazakh

“Қайрат“ чемпиондық атақтан айырылды: бас бапкер қызметінен кетті

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш берді. Клуб басшылығы оның шешімін қабылдады, - деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кейінгі кездесуінде "Қайрат" "Ақтөбемен" тең түсіп, Қазақстан Премьер-лигасында чемпион атану мүмкіндігінен айырылды. Маусымның аяқталуына бір тур қалғанда алматылықтардың еншісінде 64 ұпай болса, "Ордабасы" 68 ұпай жинаған.
Осылайша, Шымкент клубы жақын қарсыласы жете алмайтын ұпай айырмашылығын қалыптастырып, чемпиондық атақты мерзімінен бұрын жеңіп алды.
"Қайраттың" бас бапкері міндетін уақытша атқару Жора Арутюнянға жүктелді. Ол бұған дейін "Қайрат-Жастар" жастар командасымен жұмыс істеген.
Алматылық клуб оның жетекшілігімен ел чемпионатындағы соңғы кездесуін Өскеменнің "Алтай" командасына қарсы өткізеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"Қайрат" ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


Уразбахтин "Қайраттың" негізгі командасын 2024 жылдың қыркүйегінде тізгіндеді. Оның жетекшілігімен клуб алғашқы маусымда-ақ Қазақстан чемпионы атанды.
2025 жылы алматылықтар ел Суперкубогын иеленіп, чемпиондық атағын сақтап қалды. Сондай-ақ клуб өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
Ал биылғы маусымда "Қайрат" Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады.
"Ордабасы" футболдан Қазақстан чемпионатын мерзімінен бұрын жеңіп алды

Читайте на сайте