World News in Kazakh

Иран Ұлыбританияның әскери-теңіз және әскери-әуе күштерін “террористік ұйымдар“ деп жариялады

Иран Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританияның Корольдік әскери-теңіз флоты мен Корольдік әскери-әуе күштерін "террорлық ұйымдар", ал ұлыбританиялық MI6 құпия барлау қызметін "қас ниетті топ" деп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Press.TV-ге сілтеме жасап.

"Ұлыбританияның кейінгі бір жылда Иранға қарсы жасаған әрекеттеріне, әсіресе Ислам революциясы сақшылары корпусын 2026 жылғы мемлекеттік қауіптер туралы заңның аясына енгізуіне жауап ретінде 2026 жылғы 1 қарашадан бастап ұлыбританиялық MI6 құпия барлау қызметі жауласушы ұйым деп есептеледі. Ал Ұлыбританияның Корольдік әскери-теңіз және әскери-әуе күштері террористік ұйымдар деп танылады", – делінген Иран Сыртқы істер министрлігі жариялаған құжатта.

Министрлік бұл шешімнің халықаралық құқық талаптары мен өзара жауап қайтару қағидатына сәйкес қабылданғанын мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрлігі Лондонның саясаты мен әрекеттерін де айыптады. Ведомствоның пікірінше, Ұлыбританияның ұстанымы БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық талаптарына, әсіресе мемлекеттердің егемендігін құрметтеу және басқа елдерге қарсы заңсыз әрекеттерге жол бермеу қағидаттарына қайшы келеді.
Сондай-ақ, құжатта Иран билігінің ел қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға дайын екені атап өтілген.

Читайте на сайте