Threads-те маймыл бейнеленген жаңа мем тарап жатыр
Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads платформасында күнделікті өмірдегі түрлі жағдайларды әзілмен жеткізетін жаңа мем кеңінен тарап жатыр. Бұл жолы желі қолданушыларының назарын адамға ұқсап жымиған павиан маймылы аударды. Оның бейнесі көпшіліктің басынан өтетін ыңғайсыз сәттерді, таңданыс пен абдырап қалуды әзілмен сипаттаудың таптырмас тәсіліне айналды, - деп хабарлайды Tengri Life.
Желіде кең тараған суретте адамға тән бет-әлпеті мен ерекше жымиысы бар павиан бейнеленген. Кейбір нұсқаларында маймылдың ірі денесін, екі қолын бүйіріне таянып тұрғанын көруге болады.
Жаңа мемнің түп-төркіні Getty Images фотобанкіндегі маймылдар түсірілген бейнежазбалар мен фотосуреттерге барып тірелетін сияқты. Кезінде бұл кадрлар Tumblr, Reddit және X (бұрынғы Twitter) желілерінде кеңінен тарап, түрлі GIF-анимациялар мен әзіл суреттер жасауға пайдаланылған.
Threads қолданушылары маймылдың бейнесін күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдайларға дәл келетіндігі үшін ұнатып қалған. Мәселен, жоспарлаған ісің ойдағыдай болмай қалғанда, демалыстан кейін банк шотындағы ақшаны тексергенде немесе біреуге ашуың келсе де, үндемей қалуды жөн көрген сәтте осы суретті жиі қолданады. Яғни адамның ішкі күйін сөзбен жеткізбей-ақ, маймылдың бет-әлпеті арқылы білдіруге болады.
Еске салайық, ақпанда орыстілді интернет кеңістігінде Данила Колбасенко туралы мем жұрт арасында кең тараған еді.