World News in Kazakh

Мәслихат депутаттарын сайлау: үш облыс көш бастап тұр

Орталық сайлау комиссиясы 14:00-дегі жағдай бойынша Мәслихат сайлауына қанша адам келгені туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Республика бойынша сағат 14:00–де тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46 % дауыс берді.

Астана қаласы – 33,27%
Абай облысы – 51,82%
Ақмола облысы – 49,14%
Ақтөбе облысы – 54,17%
Алматы облысы – 51,36%
Атырау облысы – 46,71%
Батыс Қазақстан облысы – 46,12%
Жамбыл облысы – 48,05%
Жетісу облысы – 58,35%Қарағанды облысы – 44,76%Қостанай облысы – 46,21%Қызылорда облысы – 56,38%
Маңғыстау облысы – 47,51%
Павлодар облысы – 46,83%
Солтүстік Қазақстан облысы – 43,74%
Түркістан облысы – 56,91%Ұлытау облысы – 43,63%
Шығыс Қазақстан облысы – 54,46%
Алматы қаласы – 25,72%
Шымкент қаласы – 32,74%

Мәслихат депутаттығына кімдер үміткер?
Партиялық тізім бойынша сайлауға Қазақстанда тіркелген жеті саяси партия жіберілді:

"Әділет" партиясы;
"Ақ жол" демократиялық партиясы;Қазақстан халық партиясы (ҚХП);
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП);"Ауыл" партиясы;
"Байтақ" жасылдар партиясы;
Respublica партиясы.


Сайлауға бірмандатты округтер бойынша ұсынылған кандидаттар да қатысып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының бұған дейінгі мәліметінше, бір депутаттық мандатқа үш кандидат үміткер.
Еске салайық, алғашқы 101 сайлау учаскесі таңғы сағат 06:00-де ашылды. Олардың басым бөлігі әскери бөлімдерде орналасқан. Бұл қарауылға немесе кезекшілікке шығатын, жауынгерлік міндеттерді орындайтын және жабық аймақтарда қызмет атқаратын әскери қызметшілердің дауыс беруіне мүмкіндік жасау үшін ұйымдастырылған.
Республика бойынша барлығы 10 338 сайлау учаскесі бар. Қалған учаскелерде дауыс беру сағат 07:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады. Осыдан кейін сайлау комиссиялары бюллетеньдерді санауға кіріседі. Сайлаушылар тізіміне 12 679 459 адам енгізілген.

18 жасқа толған Қазақстан азаматтары дауыс беруге құқылы. Тіпті сайлау күні, яғни 29 қарашада 18 жасқа толған азаматтар да дауыс бере алады. Басты талап – азамат өз сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізілген болуы керек.

Читайте на сайте