Алматыда 2015-2016 жылғы жылу маусымында 400 мың гигакалория жылу энергиясы үнемделді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2015-2016 жылғы жылу маусымына сапалы дайындық жылу маусымын ойдағыдай өткізуге мүмкіндік берді. Бұл туралы қала әкімдігінде жылу маусымын қорытындылау бойынша өткен жиын барысында Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерболат Аманғалиев мәлім етті.