CҚО-да егіс алқаптарының 31 пайызына дән себілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы М.Жұмабаев және Қызылжар ауданында көктемгі егіс жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Көктемгі науқанға өнімділігі жоғары техника жұмылдырылған. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов егіс алқаптарында болып, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.