World News in Kazakh
Май
2016

Новости за 21.05.2016

Казинформ 

Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау бойынша тиісті шаралар қабылданды - ҚР ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті қорғау, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтары мен қауіпсіздіктерін қорғау бойынша тиісті шаралар қабылдады, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Казинформ 

ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: EgyptAir әуе кемесі апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан апта ішінде әлем жұртшылығы 14 мамыр күні Стокгольмде өткен «Еуровидение» ән байқауының қорытындысын жан-жақты талқыға салды. Мұнан бөлек, бұл аптада қайғылы оқиға да орын алғаны белгілі. Атап айтқанда, EgyptAir әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті. Бұл хабарды сәрсенбі күні аталған компания өзінің «Твиттердегі» шағын блогында жария еткен болатын.

Казинформ 

ОҚО әкімі өртенген сауда орталығында болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов түнде өртке оранған «Исатай» азық-түлік базарының жағдайымен танысып, ондағы сатушылармен кездесті.

Казинформ 

СҚО-да республикалық жолда көлік қозғалысы тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында еріген судың жайылуына байланысты республиқалық маңызы бар «Челябі-Новосібір» тас жолында (525-530 шақырымында) барлық автокөлік түрлері үшін жол қозғалысы жабық.

Казинформ 

Жұмыс топтары мәселені бір жүйеге келтіріп, ұсыныстарды талқыға шығарады - Б. Сағынтаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрылған 4 жұмыс тобы қаралған мәселені бір жүйеге келтіріп, ұсыныстарды талқылауға шығарады. Бұл туралы бүгін Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның отырысынан кейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Казинформ 

CҚО-да егіс алқаптарының 31 пайызына дән себілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы М.Жұмабаев және Қызылжар ауданында көктемгі егіс жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Көктемгі науқанға өнімділігі жоғары техника жұмылдырылған. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов егіс алқаптарында болып, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Казинформ 

Қазақстанда 4 айда бір мыңға жуық әскери оқу-жаттығу өткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде биыл негізгі күш-жігер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде жеке құрамның дағдысын, іс-қимылдарын шыңдауға, әскери қызметшілердің дене даярлығын арттыру және басқару жүйесін жетілдіруге бағытталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Джим Джармуштың фильміне түскен ит өлген соң Канн кинофестивалінің жүлдесіне ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Джим Джармуштың «Петерсон» фильміндегі шәңкілдек ит Марвиннің рөлін сомдаған Нелли есімді бульдог Канн кинофестивалінде иттер арасында үздігі болып танылып, жүлде алды.

Казинформ 

Жер сату ол бір ғана әкімнің, не бір ғана адамның қолында болмауы керек - Б. Сағынтаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер сату ол бір ғана әкімнің, не бір адамның қолында болмауы керек. Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде өтіп жатқан Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев осындай пікір білдірді.

Казинформ 

Жер комиссиясының келесі отырысында шетелдікке жерді жалға беру, бермеу мәселесі талқыланады - Б. Сағынтаев (ФОТОРЕПОРТАЖ)

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның келесі отырысында шетелдіктерге жерді жалға беру, бермеу мәселесі талқыланады. Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде өткен Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.

Казинформ 

Сепаратизм қаупі бар, Қазақстанмен көрші елдердің компанияларына жерді жалға бермеу керек - А. Перуашев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жер реформасы бойынша комиссияның мүшесі Азат Перуашев Қазақстанмен көрші елдердің компанияларына жерді жалға бермеу керек деп санайды.

Казинформ 

Н.Сабильянов: Бізде жер дауын шығарып жүргендер - латифундистер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бізде жер дауын шығарып жүргендер -латифундистер. Бұл туралы бүгін Жер реформасы бойынша комиссияның екінші отырысында Мәжіліс депутты Нұртай Сабильянов мәлім етті.

Казинформ 

А. Перуашев: Жер банктердің жекеменшігіне өтіп кетпейтіндігіне кім кепіл?!

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жер реформасы бойынша комиссияның мүшесі А. Перуашев жекеменшікке жер сату барысында ол жерлердің кепілдік ретінде банктерге өткізілетіндігіне алаңдаушылық білдірді.

Казинформ 

«Астана Опера» театрында балалар күніне орай жас жеткіншек әртістер өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Музыка әлеміндегі таңғажайып хикаялар» атты концерт «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін балаларға арналған жазғы іс-шаралар легін бастайды, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

Казинформ 

Британияда соңғы темекі фабрикасы жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшынның Ноттингем графтығында елдегі соңғы темекі фабрикасы жабылды. Сарапашылардың пайымдауынша, кәсіпорынға иелік еткен Imperial Tobacco компаниясы енді шығыс еуропалық және азиялық нарықтарға көшуі мүмкін, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Казинформ 

Өскеменде Түркі жазбалары мен мәдениеті күндеріне арналған шаралар өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Өскемен қаласында «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері» аталып өтті.

Казинформ 

Түркияның әскерилері «Жас ұлан» мектебінің тәрбие беру үдерісімен танысты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің әскери қызметшілері мен тәрбиеленушілеріне Түрік Республикасы Қарулы Күштері Кулели әскери лицейінің делегациясы ресми сапармен келді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторийді қамтыған заң жобасы жақында Парламентке түседі - Б. Сағынтаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторийді қамтыған заң жобасы жақында Парламентке түседі. Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде өтіп жатқан Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысындакомиссия төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.

Казинформ 

Атыраудың орталық алаңында құқыққа қарсы әрекеттерді ескерту үшін шаралар қолға алынды - ІІД

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 21 мамырда қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында Атырау облыстық ІІД Атырау қаласындағы Исатай мен Махамбет атындағы орталық алаңда құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу және ескерту үшін шаралар қабылдады.