Қазақ алфавитін ауыстырудың басты себептері
Арысына бармаймыз, «Көне түркі жазуы», «Шағатай тілі» жайында зерттеулер көп-ақ. Біздің жазбамыз 20-ғасырға арналмақ. Әрине, бұл тақырып туралы сөз қозғау қиын. Кезіндегі саяси хал-ахуалды көргеніміз жоқ. Оқыған деректеріміз бен құжаттарымыздың бір-біріне қайшы тұстары көп. Бұл түсінікті жағдай.