Дәрігерлер «Байсат» базарында зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков оқиға кезінде 16-18 және 50 жастағы екі адамның зардап шеккенін айтты. Олардың бірі ауруханаға жатудан бас тартты, екіншісі №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.