World News in Kazakh
Ноябрь
2016

Новости за 21.11.2016

Казинформ 

Әлеуметтік зерттеулер қоғамның сот жүйесіне деген сенімінің артқандығын айғақтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қоғамының отандық сот корпусына деген сенімі артуда. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы 2015 жылы жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижелері  растап отыр.

Казинформ 

Жамбыл облысында 90 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Синоптиктер болжаған қалың қар мен қатты аяз Жамбыл облысына да жетті. ТЖ қызметтері тұрғындарға ауа райының жайсыздығы туралы хабарламаны ұялы телефондарға тәулік ішінде жіберді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілішісі.

Казинформ 

Астанада паралимпиада споршыларына арналған кешен ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ұлттық паралимпиада командасына арналған жеке спорт кешенінің салынуы жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Жейлан мәлім етті.

Казинформ 

Дәрігерлер «Байсат» базарында зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков оқиға кезінде 16-18 және 50 жастағы екі адамның зардап шеккенін айтты. Олардың бірі ауруханаға жатудан бас тартты, екіншісі №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Казинформ 

Қ.Мәми: Тәуелсіздік - еліміздің ең басты құндылығы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен судьялардың VII съезінде сөйлеген сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы Мемлекет басшысына қарата айтқан сөзінде: «Осындай салтанатты сәттерде жадымызға өзіңіз айтқан: «Халық кешірмейтін бір-ақ нәрсе бар: ол - елдің қолына зарықтырып барып қонған бақыт құсынан - Тәуелсіздіктен айырылуды кешірмейді» - деген сөздер оралады. 

Казинформ 

Алдағы мерекеге көкшетаулықтар 9 әлеуметтік-өндірістік нысанды тарту етпек

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Алдағы келе жатқан ҚР Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күні мерекелері қарсаңында Көкшетау қаласында 9 әлеуметтік-өндірістік нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

СҚО жастары Конституцияның маңыздылығы туралы айтты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпы республикалық науқаны аясында «Конституция - Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Мемлекет балық шаруашылығына құрама жемге субсидия бермек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет балық шаруашылығына арналған құрама жемге субсидия бермек. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Бензиннің бағасы күрт көтерілсе шұғыл тексереміз - Бозымбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісіндегі мұнай-газ саласын дамытуға арналған Үкімет сағатында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өткен демалыс күндері бензин бағасының қымбаттауы бойынша түсініктеме берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Ақтауда жылу желісі апатына қарсы оқу-жаттығу өтті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында республикалық командалық-штабтық жаттығу аясында жүргізілген аварияға қарсы жаттығу өтті, онда облыстың мемлекеттік коммуналдық және авариялық қызметі суық ауа райында Ақтау қаласының 3 шағын ауданында төрт үйдің жылусыз қалуына себеп болған істен шыққан жылу желілерін 3 сағатта жөндеп шықты.

Казинформ 

Алматы көшелері қардан тазартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірнеше күн қатарынан қар жауды. Қала билігі дүйсенбі, 21 қарашада қаланы қардан тазартуға уәде берді. Әкім баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес 16-20 қараша аралығында 57 см қар түсті. 

Казинформ 

Мемлекеттік органдар бензиннің сапасын бақылай алмай отыр - депутат Щегельский

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісіндегі отандық мұнай-газ саласын дамытуға арналған Үкімет сағатында депутат Глеб Щегельский бензиннің сапасын сынға алды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақстанда сот әділдігінің қолжетімділігі артты - Мәми

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанда сот әділдігінің қолжетімділігі артты. Бұл туралы бүгін Республика судьяларының VII съезінде  Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

ОҚО-да Тәуелсіздік мерекесіне орай 25 жұлдызды күн басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алды, деп хабарлады ҚазАқпаратқа өңір басшысының баспасөз қызметінен.

Казинформ 

Оңтүстік Корея оппозициясы ел президентіне импичмент жариялауды талап етуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе айналасындағы жемқорлық дауына байланысты ел оппозициясы оның импичментіне қол жеткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.

Казинформ 

Түймебаевқа қазақ-өзбек агроиндустриалды аймағын құру ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты  арттырып, кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндіктер жасау мақсатында қазақ-өзбек бірлескен бизнес конференциясы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Казинформ 

Алматылықтар аялдамада автобустарды жарты сағаттап күтуге мәжбүр болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -   Алматыда қалың қар түсіп, арты аязға ұласты, салдарынан қоғамдық көлік дұрыс жүрмей жатыр. Күннің суығынан тоңған қала тұрғындары аялдамада автобусты ұзақ күтуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Қазақстанда 25 жылда түрмеде отырғандардың саны 3 есе азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 25 жылда түрмеде отырғандардың саны 3 есе азайды. Бұл туралы бүгін Республика судьяларының VII съезінде ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.