Алдағы мерекеге көкшетаулықтар 9 әлеуметтік-өндірістік нысанды тарту етпек
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Алдағы келе жатқан ҚР Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күні мерекелері қарсаңында Көкшетау қаласында 9 әлеуметтік-өндірістік нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.