Алматылықтар аялдамада автобустарды жарты сағаттап күтуге мәжбүр болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалың қар түсіп, арты аязға ұласты, салдарынан қоғамдық көлік дұрыс жүрмей жатыр. Күннің суығынан тоңған қала тұрғындары аялдамада автобусты ұзақ күтуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.