Астанада тұрғын үй аулаларындағы видео камералар тексеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада полиция қызметкерлері тұрғын үй аулаларындағы видео камералардың жұмыс істеуін тексермек. Бұл жайында бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полция бастығы Азамат Садықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.