World News in Kazakh
Март
2017

Новости за 29.03.2017

Казинформ 

Австралияда динозаврдың әлемдегі ең үлкен ізі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Квисленд университетінің палеонтологтар тобы Австралияның солтүстік-батысынан шөпқоректі зауроподтың алып ізін тапты. Бұл туралы The Washington Post-ға сілтемемен «Хабар 24» жазады.

Казинформ 

БҚО-да тағы бір снаряд табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 28 наурыз күні сағат 10.30 шамасында Ақжайық ауданының Жайық ауылынан 500 метр қашықтықта мал бағып жүрген жерден жартылай шығып жатқан снарядты көріп, тиісті органдарға хабар берген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақталы ауданда 87 өндірістік коопеартив құрылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтарал ауданында  агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында 87 ауыл шаруашылығы өндірістік коопеартиві құрылды. Жаңадан ашылған өндірістік кооперативтерге техника алуға, ағын сумен қамтамасыз етуге, минералды тыңайтқыштар тасымалдауға, энтомофактар өндіру үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі

Казинформ 

ОҚО-да көшбасшы әйелдер орталығы ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында көшбасшы әйелдер орталығы ашылды. Бұл нәзік жандыларға саясатта белсенділік танытып қана қоймай, басшылық қызметке бейімделуіне мүмкіндік береді. Алғашқы басқосуларын өткізген ауданның іскер әйелдері орталықтың негізгі бағытын белгілеп, алдағы мақсат-міндеттерін екшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Bilim-all 

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық

Туған жер дегеніміз – әркімнің өзінің туып өскен елі, жері, мекені. Әркім өз елін өзінің алтын мекеніне теңейді. Туған жер әркімге ыстық болып келеді.

Казинформ 

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі және қатты жел соғады. Тек елдің оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік, солтүстік-батыста - бұрқасын, оңтүстікте - найзағай, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

Казинформ 

Қазақстандықтарды алдағы 3 күнде төмен температура мен жауын-шашын күтіп тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы күндері ауа райы жылы болып, қазақстандықтарды қуантып еді. Ауа температурасы әдеттегіден 4-8ºС-қа жоғары болды. Бұл жылымық қысқа мерзімге ғана созылды. 

Казинформ 

Елші: Оңтүстік Кореяда екі мың қазақстандық заңсыз жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда екі мыңға жуық қазақстандық заңсыз жүр. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында Корея Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Дулат Бақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Ұлттық банк: Шетел валютасындағы депозиттер көлемі азайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  2017 жылғы ақпанның соңында депозиттердің көлемі қаңтар-ақпанда 6,2%-ға төмендеп, 17 045,4 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

Корея тұтынатын уранның үштен бірін Қазақстаннан импорттауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореядағы тұтынатын уранның үштен бір бөлігін Қазақстаннан импорттап жатыр. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында Корея Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Дулат Бақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Айдын Бикебаев «Жинақбанк» АҚ ЕБ басшысының орынбасары қызметіне кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айдын Бикебаев «Жинақбанк» АҚ ЕБ басшысының қарыз проблемасымен жұмыс жөніндегі орынбасары қызметіне кірісті, деп хабарлады Kapital.kz. іскерлік ақпарат орталығы.

Bilim-all 

Ата-аналардың келісімімен мектептерде бірнеше пән ағылшын тілінде оқытылмақ

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматыдағы ұстаздар қауымымен кездесуінде мектептердегі пәндерді ағылшын тілінде оқыту "ата-аналардың келісімі" бойынша жүретінін мәлімдеді.

Казинформ 

Доллар бағамы 315,15 теңгені құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.

Казинформ 

Пак Кын Хе импичменті: Корея мен Қазақстан қатынасына әсері қандай

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореядағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Дулат Бақышев президент Пак Кын Хеге импичмент процесі кезеңінде екі елдің өзара қарым-қатынасына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Марко Поло туралы қазақстандық фильм Миланда арнайы жүлде алды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Милан қаласында Африка, Азия және Латын Америкасы фильмдерінің 27-фестивалі өз мәресіне жетті.  Наурыздың 19-ы мен 26-сы аралығында өткен Италия киноиндустриясындағы бірегей және дара фестиваль жарты ғасыр бойына үш құрлықтың мәдениетін байланыстырып келеді. 

Казинформ 

Маңғыстаулық мектеп оқушылары республикалық олимпиадада гран-при иегері атанды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда қоғамдық-гуманитарлық пән бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы шықты, оған барлық өңірлерден, Астана мен Алматы қалаларынан 586 оқушы қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін мәнерлеп сырғанаудан Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде басталатын әлем чемпионатында ел намысын Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Астанада тұрғын үй аулаларындағы видео камералар тексеріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Астанада полиция қызметкерлері тұрғын үй аулаларындағы видео камералардың жұмыс істеуін тексермек. Бұл жайында бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полция бастығы Азамат Садықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

АШМ делегациясы министрдің басшылығымен Бейжіңге барады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат -  2017 жылғы 31 наурыздан бастап 1 сәуір аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің басшылығымен қазақстандық делегация  Бейжіңде бірқатар маңызды кездесулер өткізеді, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.