Ақтөбеде жоғалған мектеп оқушысының мүрдесі қамыс арасынан табылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 13 сәуір күні далаға шығып, кейін үйіне оралмаған Біржан Ерсайынов бес күн бойы іздестірілді. Құтқарушылар баланың денесін бүгін таңертең өзеннен тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.