World News in Kazakh
Апрель
2017

Новости за 18.04.2017

Казинформ 

Сапарбаев баспанасы суға кеткен адамдармен дөрекі сөйлескен қызметкерлерге ескерту жасады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев су тасқыны салдарынан зардап шегіп, көңілі алаң болып отырған халықпен өте сыпайы сөйлесуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

GGG Канеломен жұдырықтасса қанша сыйақы алуы мүмкін?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин орта салмақтағы "WBA" (Super), "IBO", "IBF" және "WBC" тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) Астанада өтуі мүмкін деген жекпе-жегіне байланысты пікір білдірді, - деп жазады Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Казинформ 

Алматы облысында 8 жасар қызды құтқарған оқушыға облыс әкімінің білім гранты беріледі

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қызды педофилден  құтқарған оқушыға облыс әкімінің білім гранты беріледі. Бұл  шешімді облыс әкімдігі қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Bilim-all 

Тұрақты даму журналистикасы - дуалды оқыту жүйесін талап етеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» тақырыбымен өткізілген халықаралық конференцияда БАҚ өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ғалымдар отандық және әлемдік журналистиканың даму үрдістерін және таяу болашағын талқылады.

Казинформ 

Таиландта оқ жылан мотоциклшіге атылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтың Лампанг қаласында жолда кетіп бара жатқан мотоциклшіге оқ жылан атылды. Оқиға бейнеленген видеокөрініс ViralHog YouTube-арнасында жарияланды.

Казинформ 

Қазақстан мен Түркіменстан президенттері бірқатар құжаттарға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен  Түркіменстан президенті Гүрбангулы Бердімұxамедовтің арасында өткен келіссөздердің нәтижесі бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Астана маңындағы бөгеттің бұзылғандығы туралы хабарлама жалған - ТЖК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғындары мен қонақтарына белгісіз біреулер WhatsApp мессенджері бойынша әуежайға және қалаға жақын кенттерге биіктігі 10 метрлік толқын келе жатқаны туралы хабарлама жіберген. ІІМ ТЖК бұл ақпаратты жалған екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Казинформ 

2017 жылы теміржол көлігімен 87 млн тонна жүк тасымалданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік кешеніндегі нақты көлем индексі 103,4% құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында жасаған баяндамасында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Казинформ 

Ақтөбеде жоғалған мектеп оқушысының мүрдесі қамыс арасынан табылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 13 сәуір күні далаға шығып, кейін үйіне оралмаған Біржан Ерсайынов бес күн бойы іздестірілді. Құтқарушылар баланың денесін бүгін таңертең өзеннен тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Түркіменстанмен арадағы шекара мәселесін толығымен шештік - Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімнің рәсімделетінін мәлімдеді. Аталған құжатқа Түркіменстан президенті Гүрбангулы Бердімұxамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қол қойылмақ, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Ұлыбританияның премьер-министрі кезектен тыс парламент сайлауы өтетінін мәлімдеді

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй 8 маусым күні кезектен тыс парламент сайлауы өтетінін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Казинформ 

Түркіменстан басшысы: екі елдің өзен-суларға қатысты ұстанымы бір

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Түркіменстанның басшысы Гурбангулы Бердімұxамедовпен кездескен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Арал мәселесі бойынша үлкен кездесуді өткізу қажеттігін меңзеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Британдық Виргин аралдарының компаниясы БТА Банктен кепілсіз $136 млн кредитті қалай алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «БТА Банк» қаражатын ұрлау ісі бойынша бас сот талқылауы барысында 2016 жылы Британдық Виргин аралдарында тіркелген Мұқтар Әблязовтің бақылауындағы «Rimos Ltd» оффшорлық компаниясына байланысты эпизод қаралды.

Казинформ 

Қазақстан Каспий теңізінде мұнай танкерлеріне талапты күшейтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Каспий теңізінде экологиялық жағдайды қорғауда заңнамаға қатаң талаптар енгізіп жатыр.  Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысынан кейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Үкіметаралық комиссия жаңартылады - Гүрбангулы Бердімұxамедов

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын құрамда кездескен Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердімұxамедов екіжақты үкіметаралық комиссияның жаңартылатынын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Казинформ 

Шымкент полицейлері жұмыс уақытында той тойлап кетеді - ОҚО прокуроры

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысында облыс прокуроры Ибраһим Иманов Шымкент қалалық Жергілікті полиция қызметінің жұмысын қатты сынға алды. Өңір прокурорының сөзінше қоғамдық тәртіпті күзетуі тиіс сақшылар жұмыс уақытында той тойлап, тас жолдарда күнкөріс қамын жасап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Елбасы қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіруге бағытталған құжатқа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.