Тбилисиде жаңа президент Михаил Кавелашвилидің инаугурациясы өтті
Грузия парламентінің ғимаратында 14 желтоқсанда сайлаушылар алқасы президент ретінде таңдаған бұрынғы футболшы, депутат Михаил Кавелашвилидің инаугурациясы өтті. Ол елдің алтыншы президенті ретінде ант берді. Инаугурацияға қатысқандар арасында АҚШ санкциясына іліккен "Грузин арманы" партиясының негізін қалаушы Бидзина Иванишвили де бар. Грузияда аккредитациядан өткен дипломаттар "залда орын жетіспегендіктен" инаугурацияға шақырылмады. Жексенбі күні таңертең ғимаратта қауіпсіздіктің сары деңгейі режимі күшінде болды. Читать дальше...