АҚШ санкциясына ілінген "Лукойл" шетелдегі активтерін сатады
Ресейдегі "Лукойл" мұнай компаниясы шетелдегі активтерін сататынын, бұған компанияның санкцияға ілінуі түрткі болғанын мәлімдеді. Сату АҚШ рұқсатымен іске аспақ. "Лукойл" меншігінде штаб-пәтері Женевада орналасқан трейдер, Румыния мен Болгариядағы мұнай өңдеу зауыттары және Нидерландыдағы мұнай өңдеу зауытының үлесі бар. Сондай-ақ, компания Ресейден бөлек Еуроодақ, Грузия, Балқан елдерін қамтитын 2,5 мың жанармай бекетінен тұратын желіге иелік етеді. Сонымен қатар "Лукойл" активіне Ирактағы газды барлау және өңдеумен айналысатын мекеме кіреді. Читать дальше...