Шымкентте бір үйдің үш адамы иіс тиіп қайтыс болған
Шымкент қаласында бір отбасының үш адамы – ұлы, анасы мен әжесі иіс тиіп қайтыс болған. Қазақпараттың хабарлауынша, отбасы "Шығыс" шағын ауданындағы жалға алып тұрып жатқан пәтерден ешкім шықпай қалғанына секемденген көршілері құтқарушыларды шақыртқан. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті 8 ақпанда түстен кейін хабар түскен соң қызметкерлерін шұғыл аттандырғанын айтқан. Құтқарушылар пәтерден қайтыс болған үш адамды тауып, алып шыққан. Алдын ала болжам бойынша, олар иіс тиіп қайтыс болған. Читать дальше...