World News in Kazakh

Түркіменстанда көп әйел алуға ресми түрде тыйым салынды

Түркіменстанда көп әйел алуға ресми түрде тыйым салынды. Отбасы кодексіне  бұл туралы арнайы норма енгізіліп, оған ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойған.


Түркіменстанда 19 маусым күні мемлекеттік баспасөзде Отбасы кодексіне енігзілген өзгерістер мен толықтырулар туралы заң жарияланды. Кодекстің 7-бабына енгізілген өзгеріске сәйкес "Түркіменстанда көп әйел алуға жол берілмейді". Онда "көп әйел алу" дегенге де түсінік берілген. "Екі немесе одан да көп әйелмен бір мезгілде бірге тұрып ортақ шаруашылықты бірге жүргізу" көп әйел алу болып табылады. 


Қабылданған заңға сәйкес, көп әйел алуға тыйым салу биылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. 


Түркіменстанда 2012 жылы қабылданған Отбасы кодексінде екінші некеге тыйым салу жөнінде айтылған еді. Енді заңда "көп әйел алу" деген термин пайда болды. Елдің Қылмыстық кодексінде екі әйел алғандар үшін жаза да ақарастырылған. Ондай айыпқа ұшырағандар жазасын екі жылға дейін қара жұмыспен өтейді немесе көлемді түрде айыппұл төлейді.   


Жергілікті бақылаушылардың айтуынша, осының бәріне де қарамстан, елде көп әйелд алу айтарлықтай кең тараған. Көп әйел алу 1990 жылдардың ортасына бері тарай бастады. 


Ашғабадта тұратын жазушы Аманмурад Бұғаевтың айтуынша, елдегі бұл құбылыс экономикалық түйткілдер көбейіп, халықтың көбі кедейшілікке ұрынып, ауқатты адамдардың шоғыры пайда бола бастаған кезде үйреншікті дағдыға айналды. Көп әйел алу дәулетті адамдардың әл-ауқатын көрсететін,  мәртебесін білдіретін құбылысқа айналды. Олардың арасында шенеуніктер де аз емес. 


- Әсіресе, әлбедір шенеунікті қызметтен босаптқан кезде телеарналардан олардың нешеі әйелі бар екені ашық айтылатын, - дейді Аманмұрад Бұғаев.


Түркіменстан зайырлы мемелекет болғанымен, халқының көбі - төрт әйелге дейін алуға рұқсат беретін ислам діні жолындағы мұсылмандар. 


Бұғаевтың айтуына қарағанда, елде исламды бірнеше некеге қатар тұру үшін құрал ретінде танитындар көп. Мұндай некелердің көбі ислам дәстүріне сай аталып өткені болмаса, ресми түрде тіркеуге алынған емес. Бұл әйелдер мен балаларды заңды түрде қорғаудағы құқықтарды шектейді. 


Түркіменстанда елдің бұрынғы басшылығы көп әйел алуды заңдастыруға да тырысқан да болатын. 1993 жылы елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов қоғамдағы жікке бөлінудің алдын бөгеу үшін түркімендер үшін тарихи түрде дәстүрлі болып келетін көп әйел алуды заңдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын.       


- 1993 жылы президент Сапармұрат Ниязов ер адамға төрт әйелге дейін алуға рұқсат беретін заң қабылдауды ұсынған. Сол үшін әуелде арнайы комиссия да құрылған. Алайда оған түркімен ителлигенциясы қрасы болды, - дейді Аманмұрад Бұғаев. Оның айтуынша, бүгінде осы құбылыстың кең тарағаны сонша - қоғамда көп әйел алу мәселесі аз талқыланады. 


Тhe New Arab басылымының жазғанына қарағанда, Сапармұрат Ниязовтың ұсынысы қолдау тапқанда, Түркіменстан көп әйел алуды заңдастырған бірінші пост-советтік елге айналар еді. 

Читайте на сайте