Су басқан үңгірден алты бала құтқарылды
Таиландта жер астындағы үңгір ішінен екі аптадан аса уақыт шыға алмай қалған балалардың алтауын шілденің 8-і күні құтқарушылар сыртқа шығарды. Құтқару тобындағы дайверлер 12 оқушы мен олардың бапкерін үңгірден алып шығу үшін өте күрделі әрі қауіпті операцияны жексенбі күні бастаған. Таиланд билігі құтқару операциясына әлемнің әр елінен, негізінен Еуропадан келген дайверлер қатысып жатыр деп мәлімдеген. Үңгірден су басқан жолмен шығатын әр баланың жанында екі дайвер бірге болады деп хабарланды. Оларға үңгірдің су астында қалған тар дәлізімен сүңгіп жол іздеуге туралы келеді. Reuters видеосы.