World News in Kazakh
Июль
2018

Новости за 08.07.2018

Казинформ 

Қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы ойындары қашан өтеді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада елордалық «Астана», алматылық «Қайрат», павлодарлық «Ертіс» және қостанайлық «Тобыл» футбол командалары еурокубоктағы ойындарын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

ТМД-ның Тұрақты өкілдері Минскіде бас қосады


АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 шілде күні Минскідегі ТМД-ның штаб-пәтерінде Достастықтың жарғылық және басқа органдары жанындағы ТМД-ға мүше елдердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТМД-ның Атқарушы комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Казинформ 

Синоптиктердің 9 шілде күнгі ауа райы болжамы


АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 9 шілде күні республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ болуы мүмкін. Тек батыста, оңтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Казинформ 

Демалыс күндері Қазақстанда 20 адам суға кетті


АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, жексенбі күндері Қазақстан аумағында 20 адам суға батып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақстандық спортшы Әлем чемпионатынан бұйырған жалғыз медальды бапкеріне сыйлады


АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Хорватия астанасы Загребте өткен күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Бекзат  Жалғасовты спорт жанашырлары мен туған-туыстары Атырау әуежайынан салтанатты түрде күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Түркияда вагон рельстен шығып кетті: 10 адам қаза болып, 73-і жарақаттанды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Текирдаг провинциясында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетіп, аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Қараңғыда сәуле шашатын Көккесене құпиясы қашан ашылады


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қазақ халқының хас батыры атанған Алпамыстың асыл жары - Гүлбаршынның мәңгілік мекеніне айналған көне нысан орын тепкен. Алайда Бейімбет Майлин жазып кеткен Көккесене 1930 жылдардан кейін жермен-жексен болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Казинформ 

Хирург Алмат Қодасбаев: Қолыммен тоқтатқан жүректі қайта іске қосуым керек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне енген кардиохирург-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Алмат Тұрысбекұлы Қодасбаев Алматы кардиология орталығын басқарады. Алғыс арқалаған абзал жан сынақ, табандылық, жауапкершілік, сенім мен мақсат жайында ҚазАқпарат тілшісіне әңгімелеп берді.

Azattyq.org 

FIFA Хорватия ойыншысы Украинаны мадақтаған видеоны зерттеп жатыр

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) Хорватия ұлттық құрамасының қорғаушысы Домагой Вида мен команда бапкері Огнен Вукоевичтің әлем чемпионаты матчында Ресей футболшыларын жеңгеннен кейін Украинаның атына мадақ айтқаны жазылған видеоны зерттеп жатыр. Ресей мен Хорватия командалары ширек финалда кездескеннен кейін әлеуметтік желілерде жарияланған видеороликте Вида "Украина жасасын! (Слава Украине!)" деп айғайлайды. Оны іліп әкеткен Вукоевич: "Бұл "Динамо" мен Украина үшін жеңіс... Алға, Хорватия!"... Читать дальше...

Azattyq.org 

Су басқан үңгірден балаларды шығара бастады

Таиландта жер астындағы үңгір ішінен екі аптадан аса уақыт шыға алмай қалған балаларды шілденің 8-і күні құтқарушылар сыртқа шығара бастады деп хабарлайды баспасөз құралдары. Алдымен екі баланың, кейін төрт баланың шығарылғаны туралы ақпарат тарады. Құтқару тобындағы дайверлер 12 оқушы мен олардың бапкерін үңгірден алып шығу үшін өте күрделі әрі қауіпті операцияны жексенбі күні бастаған. Таиланд билігі құтқару операциясына әлемнің әр елінен, негізінен Еуропадан келген дайверлер қатысып жатыр деп мәлімдеген. Читать дальше...

Azattyq.org 

Су басқан үңгірден алты бала құтқарылды

Таиландта жер астындағы үңгір ішінен екі аптадан аса уақыт шыға алмай қалған балалардың алтауын шілденің 8-і күні құтқарушылар сыртқа шығарды. Құтқару тобындағы дайверлер 12 оқушы мен олардың бапкерін үңгірден алып шығу үшін өте күрделі әрі қауіпті операцияны жексенбі күні бастаған. Таиланд билігі құтқару операциясына әлемнің әр елінен, негізінен Еуропадан келген дайверлер қатысып жатыр деп мәлімдеген. Үңгірден су басқан жолмен шығатын әр баланың жанында екі дайвер бірге болады деп хабарланды. Оларға... Читать дальше...