World News in Kazakh
Август
2016

Новости за 01.08.2016

Казинформ 

Су астындағы екі акуланың айқасы (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық студент Райан Уилси Мексика шығанағында балық аулау жүріп екі акуланың күресінің куәсі болды. Ол жолбарыс акула мен балға басты акуланың бір-бірінің түбіне жетпей қоймайтын айқасын камераға түсіріп алды.

Казинформ 

Вьетнам Қазақстанның оңтүстік өңірлермен ынтымақтастықты жолға қоюда


ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  Жамбыл облысында Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  Доан Ти Ксуан Хиен бастаған делегация іскерлік сапармен болды. 

Казинформ 

«Астана» футболшылары Глазгоға келді (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футболшылары мен бапкерлер штабы Чемпиондар лигасындағы үшінші бiлiктiлiк кезеңiндегі жауап матч аясында «Селтик» клубымен   кездесетін Глазгоға келді.

Казинформ 

Шымкентте егіз бала жоғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Шымкентте ағалы-інілі егіз бала жоғалды. 17 жасар жеткіншектер өткен жұма күні Қабанбай батыр көшесінде үйден шыққаннан кейін қайтып оралмаған. 

Казинформ 

Геннадий Головкин: «Юбенк - сайқымазақ, ол менімен айқасқысы келмеді»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта  салмақтағы WBA/WBC/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің пікірінше, британдық чемпион кіші Крис Юбенк жекпе-жек туралы оған айтқанда айқасқысы келмеген, деп жазады sports.kz.

Казинформ 

2 тамызда ел аумағының батысында аптап ыстық, оңтүстікте шаңды дауыл, орталық өңірлерде жаңбыр жаууы күтілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан Респуликасының  оңтүстік-шығыс, шығыс, батыс және орталығында жаңбыр, найзағай сақталады, екпінді жел соғады, жекелеген аудандарында  бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Казинформ 

Қытайда Нида дауылына байланысты сақтық шаралары күшейтілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР билігі Нида дауылына байланысты кей провинцияларда сақтық шараларын күшейтті, деп хабарлады ВВС агенттігі Қытайдың азаматтық әкімшілік министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

Жамбыл облысында диеталық макарон өнімдері шығарылып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданында орналасқан «Ақтоған» шаруа қожалығының мамандары макарон өнімдерін әзірлеудің қыр-сырымен таныстырды, - деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Казинформ 

Павлодарда жол апатына себепкер болған 17 жастағы жүргізушінің анасына айыппұл салынды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда 6 шілдеде түнде «Кутузов - Лермонтов» көшелерінің қиылысында «Тойота Камри» көлігінің 17 жастағы жүргізушісі солға бұрылған кезде жол бермей, «ВАЗ» көлігімен соқтығысты, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Казинформ 

БҚО-да «Мектепке жол» шарасы басталғаннан бергі 8 жылда 534,1 млн. астам теңгенің көмегі көрсетілді (ФОТО)

 ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа толық қатысуын қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, бүгін республикалық «Мектепке жол» шарасы басталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың төрағалық етуімен өткізілген селекторлық кеңесте айтылды.

Казинформ 

Израиль әскерилеріне «Pokemon Go» ойнауға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израиль әскерилерінің басшылығы салынған тыйым қауіпсіздік мақсатында екенін түсіндіре отырып, әскери қызметшілеріне Pokemon Go ойнауға тыйым салды, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Казинформ 

WADA Риодағы Олимпиада алдындағы баспасөз конференциясын өткізбейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік антидопингке қарсы агенттік (WADA) Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада басталар алдында өтетін баспасөз конференциясын өткізбейтін болды, себебі жиын Ресейдегі допинг жайлы сұрақтарға ойысып кетуі мүмкін, деп хабарлады BT Sport.

Казинформ 

Ауруханада қайтыс болған полиция қызметкері Серік Әбілдаев Күрті ауылында жерленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда кеше қалалық жедел шұғыл көмек көмек көрсету ауруханасының жан сақтау бөлімінде ауыр жарақаттан көз жұмған полиция қызметкері Серік Әбілдаев бүгін Алматы облысы, Іле ауданының Күрті елді мекенінде жерленді. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Казинформ 

Полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматұллаевты жерлеу рәсімі ертең ОҚО-да өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында көз жұмған полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматұллаевты жерлеу рәсімі ертең Оңтүстік Қазақстан облысының Қарабастау кентінде өтеді. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Казинформ 

Қазақстанда инфляция жыл басынан бері 5,2% құрады - ҚР ҰЭМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы жеті айда (2016 жылғы шілде 2015 жылғы желтоқсанға) 5,6%, азық-түлік емес тауарларына - 5,2%, ақылы қызметтерге - 4,7%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Pm.kz.

Казинформ 

Алматыда кадрлық ауыс-түйістер орын алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының мемлекеттік құрылымдар басшылығында кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Казинформ 

Қазақстандық олимпиадашылардың кеңес заманындағы жетістіктері

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшылар 1952-1980, 1988 жылдары КСРО құрамында, 1992 жылы ТМД елдері құрамында, ал 1996 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы құрамында Олимпиада ойындарына қатысты.