World News in Kazakh
Август
2016

Новости за 30.08.2016

Казинформ 

Ибрагимович пен Руни Головкиннің жекпе-жегіне барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қыркүйекте Лондонда жартылай орта салмақта IBF бойынша әлем чемпионы Келл Брукпен жекпе-жек өткізетін жерлесіміз,  орта салмақта IBF/IBO/WBA/WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің қолдаушы жанкүйерлері аз емес.

Казинформ 

АУА РАЙЫ: Бүгін орталықта, солтүстік-батыста және солтүстікте топырақ бетінде үсік жүреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста және шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Орталықта, солтүстік-батыста және солтүстікте топырақ бетінде үсік жүреді. Солтүстікте және орталықта кей жерлерінде тұман күтіледі. Кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Казинформ 

Дәрігерлер: Әлеуметтік желілер қарттарды қан қысымы мен диабеттен қорғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілер қарттарды қан қысымы мен диабеттен қорғайды. Бұл туралы 591 еріктіге зерттеу жүргізген Мичиган (АҚШ) университетінің ғалымдары мәлімдеді.

Казинформ 

Олимпиадалық біліктілік турнирінде Қазақстан атынан тек «Барыс» ойыншылары қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осло қаласына, олимпиадалық біліктілік турниріне аттанған хоккейшілер 100 пайыз «Барыс» хоккей клубының ойыншылары. Бұл туралы астаналық команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Казинформ 

Атырауда ЭКСПО-2017 еріктілері даярланып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ЭКСПО-2017 көрмесіне 200 ерікті даярлау жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірлік Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Атырау облысы бойынша жастар саясаты басқармасы басшысының м.а. Жасұлан Бисембиев мәлім етті.

Казинформ 

«28 панфиловшы» фильмінің ресми трейлері жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде «28 панфиловшы» фильмінің ресми трейлері жарияланды. И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының ерлігі суреттелген әскери драма биыл 24 қарашадан бастап көрермеге жол тартпақ.

Казинформ 

Чемпион қалай шыңдалды? - Марат Елеусіновтің қос ұлын тәрбиелеудегі құпиялары

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі ұлы бар. Екеуі де боксшы. Бірі  қазақ елінің намысы үшін АҚШ төрінде атой салып, кәсіпқой бокстың көрігін қыздырып жүрген Дәурен Елеусінов. Шаршы алаңға 5 рет көтерілген ол әр уақытта да қарсыласынан басым түсуде. Екіншісі  күні кеше ғана Рио Олимпидасында Қазақстан қоржынына «алтын» салған Данияр Елеусінов. Оның әр сағаты санаулы. Ол мұндай жетістікке жеткені үшін бапкер болып баулып, бокстың қыр-сырын ерінбей үйреткені үшін әкесіне қарыздар десек артық емес. Әрине, Марат Тәліпұлының да уақыты тапшы. Читать дальше...

Казинформ 

«Ақ Жайықтың алтын ұлы» - баспасөзге шолу

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің тамыз айының екінші жартысындағы нөмірлеріне жасалған шолуды ұсынады.

Казинформ 

Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды - ОҚО әкімі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған «Айбары мықты - Ата Заң» салтанатты іс-шарасы өтті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы  әкімінің баспасөз қызметі

Казинформ 

Саттар Мәжитов: Конституция - елді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жолында басты тұрақтандырушы фактор

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның ағымдағы Конституциясы тәуелсіздіктің басты жетістіктерінің бірі. Ол елді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жолында басты тұрақтандырушы фактор болып табылады. Бұл туралы ҚР Президенті Мұрғатында Қазақстан Республикасы Конституциясы Күніне орай өткізілген Дөңгелек үстел барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов мәлімдеді.

Казинформ 

Қазақстан балуандары Бейжің мен Лондон Олимпиадаларында алған медальдарынан айырылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан, Әзербайжан мен Украина балуандары допинг-сынаманы қайта тексерген жағдайда 2008 және 2012 жылғы Олимпиада медальдарынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы  Sports.kz  Flowrestling.org сайтына сілтема жасап хабарлады.

Казинформ 

Ырысы мол, табысы зор кәсіпорын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеншілер астанасында «Қазақстанның үздік тауары-2016» өңірлік көрме-бай­қауы­ның қорытындысы шығарылды. Осымен 11-ші рет өткен бұл игі шараны Қарағанды облысының әкімдігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалы ұйымдастырған болатын.

Казинформ 

ЕО көшбасшылары G20 аясында Путинмен және Ердоғанмен екіжақты кездесу өткізуді жоспарлап отырған жоқ

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - ЕО көшбасшылары G20 аясында Путинмен және Ердоғанмен екіжақты кездесу өткізуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы журналистерге Брюссельде еуропалық дипломатиялық дереккөз хабарлады.

Казинформ 

Қарағанды облысының әкімі: Конституция - қазақстандықтардың барлық жеңістері мен жетістіктерінің қайнар көзі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласындағы мәдениет және демалыс паркінің жағалауында ҚР Конституциясы күні тойланды. Саланатты шара балалар ұжымының хореографиялық композициясымен ашылды. Би соңында балалар аспанға көптеген әуе шарын ұшырды.

Казинформ 

Көлік полициясының үздік қызметкерлері Конституция күніне орай алғыс хаттармен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-де ел Конституциясының 21 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған Департаменттің басшылығы мен жеке құрамы және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Казинформ 

ШҚО әкімі: Конституция басты құндылық - халықтың бірлігін қамтамасыз етеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  Бүгін Өскемендегі Республика алаңында қала тұрғындары мен қонақтарын театрлық қойылым, еңбек ұжымдарының шеруі, жәрмеңке, спорттық жарыстар мен жергілікті шеберлердің көрмесі күтіп тұрды.