World News in Kazakh
Август
2016

Новости за 27.08.2016

Казинформ 

Көкшетауда 280 орындық балабақша ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ақмола облысының әкімі  Сергей Кулагиннің қатысуымен 280 орындық балалар бақшасының ашылуы болды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Казинформ 

Әділбек Ниязымбетов үйленбекші

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиадалық ойындардың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов үйленбекші, деп хабарлады Lada.kz.

Казинформ 

Италияда жер сілкінісінің құрбандары 300-ге жуықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда жер сілкінісі салдарынан қаза болғандардың саны 294 адамға дейін өсті. Бұл туралы Росбалт хабарлады. Тағы 688 адам жарақат алды, олардың көпшілігі ауыр халде жатыр.

Казинформ 

Жексенбі күні Қазақстанның солтүстік аймақтарында өткінші жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Қазақстанда атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді. Кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Казинформ 

Назым Қызайбай енді олимпиадалық салмақ дәрежесінде өнер көрсете алады - В. Присяжнюк

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі дүркін Әлем чемпионы Назым Қызайбай енді олимпиадалық салмақ - 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсете алады. Біз оған жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Өйткені, Назым - өте дарынды боксшы.

Казинформ 

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалып, өңірге қарасты екі басқарманың басшылары ауысты. Мұнан бөлек, екі өңірдің ішкі істер департаментіне жаңа басшылар келді. Өзге өңірлерде де кадрлық-ауыс түйіс жүргізілді. ҚазАқпарат апта ішіндегі осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.

Казинформ 

Конституция күні бір балабақша, Білім күні бір мектеп пайдалануға беріледі - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің бастамасымен Қызылордада 2015 жылы 900 орындық 2 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, апаттық жағдайда деп танылған №172 орта мектептің  300 орындық жаңа ғимаратының бүгінгі таңда құрылысы толығымен аяқталды,  1 қыркүйек - Білім күнін бүлдіршіндер жаңа ғимаратта қарсы алатын болады.

Казинформ 

Геннадий Головкиннің былғары қолғабы 8 млн теңгеге сатылды

ЩУЧЬЕ. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің былғары қолғабы Бурабайда өтіп жатқан қайырымдылық бәссаудасында 8 млн. теңгеге сатылды. Оны отандық кәсіпкер Райымбек Баталов иеленді.

Казинформ 

Бомба туралы хабардан соң Таллин әуежайындағы жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні таңертең Таллин әуежайындағы жолаушылардың бірі сөмкесінде жарылғыш зат бар екенін хабарлаған соң, 200-ден астам адам әуежайдан көшірілді, деп хабарлады Пыхъя префектурасы полициясының баспасөз қызметі.

Казинформ 

Мәскеуде қойма өртеніп, 17 адам қаза тапты

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстік-шығысында орналасқан қойма өртеніп, болжам бойынша 17 адам қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости қаланың төтенше қызметіне сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

Зорлықтан зардап шеккен ақтаулық алты жасар қыз Астанаға жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 05:20-та Санитарлық авиация республикалық орталығының мобильдік бригадасы зорлықтан зардап шеккен ақтаулық алты жасар қызды Астанаға әкелді. Ол Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жатқызылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

ОҚО Ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен бұл қызметке полиция полковнигі Жанат Сүлейменов келді, деп хабарлады otyrar.kz.

Казинформ 

Алматы облысындағы «Көкбастауда» ат жарыстары басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Конституция күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» ипподромында ҚР Президентінің кубогы үшін ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық жарыс өтіп жатыр.

Казинформ 

Қазақстанда тегін медициналық көмек шеңберінде 2017 жылға арналған дәрілік заттардың тізімі бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және  әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен  2017 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі бекітілді.