World News in Kazakh
Октябрь
2016

Новости за 24.10.2016

Казинформ 

Баспанасыз алматылық әлемді шарлаған жиһанкезге айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 жастағы алматылық Сергей Бондаренко жеткілікті қаражатсыз ең қажетті дүниелерін ғана алып жаяу дүниежүзін аралап шығуды мақсат еткен. Оның бұл әрекетін біреулер хош көріп жәрдем көрсетсе, біреулер керісінше сенімсіздік танытқан. Алайда баспанасыз қалса да қиыншылыққа қасқая қарсы тұрған жас жігіт тағдырдың сынағының жақсы тұстары бар деген тоқтамға келіп отыр.

Казинформ 

Қазақстанда тұңғыш рет парадельфилік ойындар өтеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 1-5 қарашасы аралығында Степногор қаласында 12-ші Ұлттық дельфилік ойындар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Bilim-all 

Ұстаз

Аяулы ұстаз, көк аспан Білімің дәл ақындай, Ұқсамайды мінезің, Жұлдыз, бастық смаққа.

Bilim-all 

Колледж студенттері үшін оқу да, тамақ та, шәкіртақы да тегін болады

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, бүгінде тегін кәсіптік-техникалық білім берудің жаңа механизмі әзірленді. Соның аясында жастарды жұмысшы мамандықтармен барынша қамтып, әрбір студентке шәкіртақы, тіпті тегін тамақ беру жүйесін енгізу көзделіп отыр.

Казинформ 

ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы болып Қамалов Бахтияр Қамалұлы тағайындалды. Бұрын ол Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы қызметін атқарған, деп хабарлады ҚазАқпарат баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Руслан Күлекбаев: Полицейлер Аллаһтың қалауымен қайтыс болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы терактіде Күлекбаев Мещеряковтың ісіне қатысты қылмыстық істі мойындаған жоқ. Қалған істің барлығын Аллаһ жолында істедім деп жауап берді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары ауысты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары ауысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

«ҚазАқпарат» ХАА бас директоры ҚР мен ҚХР гуманитарлық ынтымақтастығындағы ілгерілеуді атап өтті

НАНКИН. ҚазАқпарат -  Нанкинде алғаш рет  өтіп жатқан Жібек жолының БАҚ ынтымақтастығы форумында «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Әсел Төлегенова Қазақстан мен Қытайдың гуманитарлық саладағы әріптестігі туралы айтты, деп хабарлады Қытайдан «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Казинформ 

ҚР Премьер-Министрі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру мәселесі бойынша кеңес өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев агроөнеркәсіп кешені (АӨК) субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасын іске асыру барысын талқылау жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Казинформ 

3 мыңға жуық ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - 3 мыңға жуық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының міндетін атқарушы  Гүлжаһан Бимендина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Колледж студенттері үшін оқу да, тамақ та, шәкіртақы да тегін болады - БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, бүгінде тегін кәсіптік-техникалық білім берудің жаңа механизмі әзірленді. Соның аясында жастарды жұмысшы мамандықтармен барынша қамтып, әрбір студентке шәкіртақы, тіпті тегін тамақ беру жүйесін енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақстан мен Сауд Арабия мұнай саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ЭЛЬ-РИЯД. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Сауд Арабиясы Корольдігі  энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид әл Фалихпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Б.Сағынтаев пен Ф.Етьен Қазақстан мен Францияның сауда-экономикалық қатынастарын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьенмен кездесу өткізді.

Казинформ 

Қызылордалық оқушылар Герольд Бельгердің шығармашылығымен етене танысты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылордада №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейінде Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, публицист, әдебиет зерттеушісі - Герольд Карлович Бельгердің шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат Ассамблея хатшылығына сілтеме жасап.

Казинформ 

ҚР Премьер-Министрі мен Польша елшісі екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Польша елшісі Мачей Лангпен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.