World News in Kazakh
Октябрь
2016

Новости за 31.10.2016

Казинформ 

Сейсенбі - 1 қарашаға арналған ауа райы болжамы


АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қараша күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, солтүстікте кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, тек оңтүстік-шығыста ауа-райы жауын-шашынсыз болмақ.

Казинформ 

Дін істері министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы БҚО-ға келді


ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысына келген  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің бастамасымен құрылған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері кездесулер, жиындар өткізуде.

Казинформ 

Энергетиканы дамытпай, экономика өсімі болмайды - Оразалинов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күн суыған кезден бастап еліміздің жылу энергетикалық нарығындағы ахуал халық пен сарапшылық қоғамдастық арасында қызу талқыға ұласады. Осы орайда туындайтын мәселелер жетіп артылады, себебі Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасында атап өтілгендей, елімізде электр стансалары жабдықтары тозуының деңгейі 70 пайызға жуықтаған. Жылу электр стансаларында жабдықтарының орташа алғанда жұмыс істеп тұрған мерзімі 28,8 жыл, ал... Читать дальше...

Казинформ 

Батысқазақстандық сақшылар 20 келі уылдырық тәркіледі

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 29 қазан күні шамамен сағат 18.00-де рейд шаралары кезінде Самара-Шымкент жолының 205-шақырымында 1970 жылғы С. деген азамат айдап келе жатқан «Опель Омега Караван» автокөлігін тоқтатты.

Казинформ 

Таразда жұмыртқа бағасы көтерілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жергілікті билік Жамбыл өңірінде жұмыртқаға баға  күрт өскен жағдайға бағалық мәміле қарастыруда, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Жұмыспен қамту бағдарламасында жемқорлық фактілері анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарының назарын «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында бюджет қаражатын ұрлау фактісінің жиілегендігіне назар аударды деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Аша Матай сәбилі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық актриса, әнші, тележүргізуші Аша Матай мен «Mysterions» тобының әншісі Арман Қоңырбаевтың отбасында қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы Инстаграмда әншінің өзі хабарлады.

Читать дальше...

Казинформ 

БАҚ мәселесіне қатысты жаңа заң жобасын талқылау жалғасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына байланысты Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанынан жұмыс тобының құрамы бекітілді. Ендігі күні аталған заң жобасымен жұмыс әрі қарай жаңа екпінмен жалғасады деген сөз.

Казинформ 

Қазақ боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлы туралы деректі фильм түсірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда қазақ боксының негізін салушы Шоқыр Бөлтекұлының 100 жылдығына орай азаматты еске алу шарасы болып өтті. Оған Шоқыр Бөлтекұлының төл шәкірті Серік Әбденәлиев, Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, «Алаш прайд» жекпе-жек клубының жетекшісі Данияр Қасқарауов сияқты елге танымал азаматтар қатысты.

Казинформ 

Алматы билігі мәдениет саласына енгізген депутаттардың түзетулерімен келіспейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мәдениет мәселелері бойынша депутаттық түзетулердің кейбір тармақтарымен Алматы қаласының билігі келіспейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі. 

Казинформ 

БАҚ-қа қатысты заң жобасы бойынша жұмыс тобының құрамы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының құрамы белгілі болды. Аталған құрам Ақпарат және коммуникация министрлігінің сайтында жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Тәуелсіздік шежіресі: 2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылында мемлекет рухани жаңаруға бет алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 9-ы жылы - жаңа ғасыр табалдырығын жаңарған мемлекет ретінде аттады. Бұл жылы Елбасының Жарлығымен Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды.

Казинформ 

Василий Левит қорқорды залалсыз дегенді жоққа шығарды

 АСТАНА. ҚазАқпарат  -  «Қорқор туралы ақиқат» ұлттық науқанының бас кейіпкері бокстан Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит қорқордың қауіпсіздігі туралы тағы бір аңызды жоққа шығарды: «Санитарлық дәрігерлер мен noshisha.kz сайтынан қорқорда қауіпті іріңді бактерияның бірнеше түрі табылғанын білдім, осыдан кейін көпшілігі қорқор тартуды тоқтатын шығар деп үміттенемін, себебі бұл - инфекция ұясы».

Казинформ 

Міндетті медициналық сақтандыру аясында дәрігерлердің көмегі тегін болады - Маджуга



АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған соң, жүйе аясындағы дәрігердің көмегі тегін болады. 

Казинформ 

Қытай кедейлерді басқа жерлерге қоныстандыруға 140 млрд доллар жұмсайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай, елдің халқы аз аудандарынан кедей тұрғындарды басқа жерлерге қонысын аударуға 2020 жылға дейін 946,3 млрд юань (140 млрд доллар) инвестициялайды. Би-Би-Си агенттігі ҚХР Ұлттық даму мен реформалар жөніндегі комиссиясына сілтемсе жасай отырып хабарлайды.

Казинформ 

«Ойыннан шыққан от» - баспасөзге шолу

ОРАЛ. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің биылғы қазан айындағы нөмірлеріне жасалған шолуды ұсынады.

Казинформ 

Ұлттық ұлан бөлімдерінің аумағында құрбан шалуға тыйым салынған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық ұланның әскери бөлімінде діни жораларды жасауға, соның ішінде, әскери бөлімнің аумағында құрбан шалуға қатаң тыйым салынған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатыса отырып, ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Елімізде 1 мың жыл бұрын салынған монша табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында осыдан 1 мың жыл бұрын салынған монша табылды. Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының мамандары бұл олжаны ХХ ғасырдағы Самани кезеңіне жатқызып отыр.