World News in Kazakh
Октябрь
2016

Новости за 01.10.2016

Казинформ 

Полиция Шварценеггерге вокзалда велосипедпен жүруге тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Мюнхендегі орталық вокзалында қоғамдық қауіпсіздікті сақтайтын полиция велосипедпен жүрген актер Арнольд Шварценеггер мен оның күзетшісін ұстады. Актер тәртіп бұзғаны үшін ескерту алды. Полиция онымен бірге суретке түсті, деп хабарлайды dw.com.

Казинформ 

Лисаковск қаласында бір аптаден бері кәсіпкер келіншек табылмай жатыр


АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қостанай облысының Лисаковск қаласында кәсіпкер Надежда Потапова іздестірілуде. Жергілікті прокуратура «Кісі өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды alau.kz.

Казинформ 

Ван Гогтың 14 жыл бұрын ұрланған қос туындысы табылды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия полициясы Ван Гогтың 2 суретін тапты. Құнды өнер туындылары атақты суретшінің Амстердамдағы музейінен бұдан 14 жыл бұрын жоғалып кеткен еді, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Казинформ 

Елімізде «Чекті талап етіп жүлде ұтып ал» науқаны басталды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 1-қазаны мен 15-жетоқсаны аралығында «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен МКК «Чекті талап етіп жүлде ұтып ал» науқанын өткізеді. Онда бас жүлде - автокөлік ұтысқа салынады.

Казинформ 

Ақтөбе облысында тұрғын үйде болған газ жарылысы тексерілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Темір ауданы Кеңқияқ кентінде газ жарылып салдарынан ара жабынды плита құлаған болуы ықтимал. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов нақтылады.

Казинформ 

Моңғолияда бүркітшілер сайысы өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияның қазақтары көп тұратын Баян-Өлгей аймағында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Бүркітшілер» тойы (Eagle festival - 2016) басталды.

Казинформ 

Арктикада Амундсеннің кемесі су түбінен шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Зерттеуші Рауль Амундсеннің (1872-1928) «Мод» аталған кемесі 1917 жылы маусым айында суға түсірілген. Кейін ол сатылып 1930 жылы Артиканың канадалық бөлігінде суға батқан. Арада 86 жыл өткеннен кейін оны су түбінен алып шықты. 

Казинформ 

ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Клинтон мен Трамп текетіресі, Париждегі көлік шоуы және Нью-Джерсидегі теміржол апаты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан аптада әлемдік қауымдастық америкалық тарихта рейтингісі ең жоғары болған саяси шоу - Трамп-Клинтон арасындағы телевизиялық дебатты талқылауда. Сонымен қатар Нью-Джерси қаласында Хобокен стансасында орын алған теміржол апаты да елеулі оқиғалардың бірі ретінде әлем халықтарының назарына ілігіп отыр. Онда қалааралық электр пойызы үлкен жылдамдықпен қоршауды бұзып, вокзал платформасына соғылған. Өз кезегінде Парижде әлемнің ең ескі халықаралық автосалоны алғашқы келушілерін күтіп алуға дайын. Читать дальше...

Bilim-all 

ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?

Мұғалім - мектептің жүрегі. Әр адам баласын білімге шақырып, тәрбиелеп өсірген мұғалімдердің еңбегі ешқашан өлмейді. Алайда заман дамыған сайын тек шәкірттің қабілетіне қарай талап қоймайды, ендігі жерде мұғалімдердің де әдістемелік әлемін өзгертпек. Ол қалай?

Казинформ 

Тамара Дүйсенова қарттар күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Әлем бойынша Қарттар күні атап өтілуде. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова қазақстандық зейнеткерлерді аталмыш мерекемен құттықтады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Казинформ 

Қарағанды облысының әкімі қарттар үйіне синтезатор сыйлады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарттар күніне орай, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қарттар мен мүгедектердің медициналық-әлеуметтік мекемесінде болды. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Казинформ 

Талдықорғанда өткен жәрмеңкеде 135 тонна ауылшаруашылық өнімі қойылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің  жәрмеңкесі өтті. Тұрғындарға өнімнің 46 түрі ұсынылды. Күздің балғын өнімдері базар бағасынан  10-15 пайызға арзан саудаланды.

Казинформ 

Алматы облысының әкімі Паралимпиада жүлдегеріне автокөлік тарту етті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Риода өткен ХY Паралимпиадада күміс жүлдеге ие болған  Раушан Қойшыбаеваға жеңіл автокөліктің кілтін табыстады. Сондай ақ  11 млн. 500 мың теңгенің сертификатын тапсырды. Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен 67 келі  салмақ дәрежесінде 113 кг зілтемірді бағындырып, күміс жүлдеге ие болды.

Казинформ 

Қызылорда облысында мемлекеттік архитектуралық-құрылыстық бақылау басқармасының басшысы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті өңірдің мемлекеттік архитектуралық-құрылыстық бақылау басқармасының басшысы С. Алмағанбетовты қамауға алды.

Казинформ 

Оралда автобус тракторды «төңкеріп» тастады

 ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласында Шаған өзені арқылы өтетін көпір мен Зашаған кенті аралығында №22 бағытпен жүретін автобус көше тазалайтын трактормен түйіскен. Соның салдарынан трактор аударылып қалған.