World News in Kazakh
Ноябрь
2016

Новости за 21.11.2016

Казинформ 

Меркель төртінші рет сайлауға түсуге ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Германия Канцлері Ангела Меркель 2017 жылы өтетін сайлауда үкімет басшысы қызметіне өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей жаңалықтары агенттігіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Грузиялық әнші қыз «Еуровидение-2016» балалар байқауында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияның 10 жастағы әншісі Мариам Мамадашвили «Еуровидение-2016» балалар байқауында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

ОҚО-да ЮНИСЕФ-пен бірлескен жұмыстарды дамыту жайы талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) бірлесіп атқаратын іс-қимыл бағыттарын келісу және талқылау, екіжақты меморандумның жобасын енгізу бойынша кездесу өтті, деп хабарлады ҚазАқпаратқа облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Казинформ 

Жаңа Әдеп кодексі заман талаптарынан туындап отыр - Есенбай Боранбаев

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 21 қараша күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР судьяларының кезектен тыс VІІ съезі өтеді. Осы айтулы оқиға қарсаңында БҚО сотының судьясы Есенбай Боранбаев өз ой-толғамын былайша білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Казинформ 

Ресейде аспаннан үш күн көрінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шерегеште (РФ, Кемерев облысындағы кент) туристер аспаннан бірден үш күн көрінген ерекше атмосфералық құбылысты фотоға түсіріп алған. Ерекше құбылыстың қуәгерлері оны «гало» деп атады. Бұл 19 қарашада күндіз орын алды.

Казинформ 

Ғалымдар әлемдегі ең күрделі тілді атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның амазондық джунглиінде тұратын пирахан халқының диалектісі зерделеуде күрделі тіл болып шықты. Мұндай тұжырымды Осло Университетінің норвегиялық ғалымдары жасады.

Казинформ 

АҚШ-та айыппұл төлетпек болған полиция қызметкерін атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатының құқық қорғау органының қызметкерлері полиция қызметкерін құжаттарды тексеру кезінде атып кеткен күдіктіні іздестіруде. Бұл туралы KTLA 5 телеарнасының мәліметтеріне сілтеме жасап ria.ru хабарлайды.

Казинформ 

Мұнайлы өңірде жылына 50 мың тоннадай қалдық шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай қалдықтарын ірі өндіріс ошақтарында энергия үнемдеу үшін пайдалануға болады. Осы салада еңбектеніп жүрген оралдық ғалымдардың тәжірибелерін өндіріске енгізер күн алыс емес. Мәселен, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары қолға алған кезекті жоба керамзит өндірісінде кеңінен қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz. 

Казинформ 

БҚО театрында Есенжол Домбаевтың шығармасы бойынша «Махаббат серенадасы» қойылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында белгілі жазушы-драматург Есенжол Домбаевтың шығармасы («Айналайын ақ келін») бойынша «Махаббат серенадасы» мелодрамасы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.