World News in Kazakh
Январь
2017

Новости за 06.01.2017

Казинформ 

Елордада «Аялаған Астана» балалар байқауына өтінімдер қабылдау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Аялаған Астана - 2017» балалар байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін байқау «Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналады, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстандағы сайлаушылармен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы қаңтар айының басында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының Аягөз және Жарма аудандарының 6 елді-мекенінде сайлаушылармен 7 кездесу өткізді.

Казинформ 

Астананы көктемде су баспайды - әкімнің орынбасары

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қазанынан бері Астана қаласында 117,6 мм жаңбыр жауған екен. Қаланың коммуналдық қызметі үш айдан бері күні-түні, демалыссыз қар тазалап жүр. Ал, қаңтар айының басында 0 градустық температурада жауған қар езіліп, көшедегі қозғалысты қиындата түсті.

Казинформ 

ҚР Ұлттық музейінде «Ұлттық Ұлан Тәуелсіздік күзетінде» атты фотокөрме өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ҚР Ұлттық Ұланының фототілшісі Вячеслав Гельблингтің «Ұлттық Ұлан Тәуелсіздік күзетінде» атты жеке фото көрмесі өтті, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Астананың қарын тазалау үшін күніне 30-35 млн теңге жұмсалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласын қардан тазалау үшін күніне 30-35 млн теңге жұмсалады. Бұл туралы бүгін кешке журналистермен бірге қаланы аралап көрген әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

«Қазселденқорғау» мамандары жол қар көшкінінің алдын алу жұмыстарын жүргізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 6 қаңтарында «Қазселденқорғау» ММ мамандары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Өскемен -Таулы Үлбі-Северное» автожолындағы 34+800м шақырымда қар көшкінінің алдын алу жұмысын жүргізді, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі. 

Казинформ 

Франция Сыртқы істер министрі Қазақстанды БҰҰ ҚК мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Француз Республикасының Сыртқы істер және халықаралық даму министрі Жан-Марк Эйромен телефон арқылы сөйлесті.

Казинформ 

Мамандар көкшетаулық шұжыққа құс қауырсыны қалай түскенін анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрамында құс қауырсыны анықталған шұжық өнімдерін өндіру тоқтатылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы тұтқындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы тұтқындалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Ақпаратты ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметінде растады, алайда кімнің тұтқындалғаны әзірге нақтыланған жоқ.

Казинформ 

Дональд Трамп Аргентина мен Бразилиядағы барлық жеке бизнес-жобаларын тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дональд Трамп Аргентина мен Бразилиядағы барлық дербес бизнес-белсенділігін ресми түрде тоқтатты, деді сайланған АҚШ президентінің  адвокаты  Алан Гарнднер. 

Казинформ 

Кулагин Калачи және Красногорсктің бұрынғы тұрғындарымен кездесті

КӨКШЕТАУ. ҚазАпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин «ұйқылы ауылдар» Калачи және Красногорск елдімекендерінің бұрынғы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Астанада пайдалану мерзімі өтіп кеткен жүздеген лифт алмастыруды қажет етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні пайдалану мерзімі өтіп кеткен 109 лифт алмастыруды қажет етеді. Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, 9 қабатты тұрғын үйдегі бір лифтті алмастыруға 6-8 миллионов теңге қажет.

Казинформ 

Шаханда зардап шеккендерге арналған көмек қорына 41 млн теңге түсті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахан кентіндегі қайғылы жағдай жалпы халықтық проблемаға айналды. Азаматтар мен ұйымдар зардап шеккендерге көмек қолын созуда, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Қытайда ұмыт қалған бункерді сақшы 40 жыл бойы, қартайғанша күзетіп келген


АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қытайлық Гуйчжоу провинциясының тұрғыны жалғыз өзі жарты өмірін құпия нысанды күзетумен өткізген, тіпті ол нысанды жоғары қолбасшылық баяғыда ұмыт қалдырғанынан бейхабар болған.

Казинформ 

Сенатор Серік Ақылбай құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге шақырды

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жұмыс бабындағы сапармен жүрген Парламент Сенатының депутаты Серік Ақылбай 5 қаңтарда  облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековпен аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму келешегін талқылады.

Казинформ 

Франкфуртте Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өзенге батып кеткен бомба табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Майндағы Франкфуртте сүңгуірлер екінші дүниежүзілік соғыс кезінде суға батып кеткен салмағы 50 келі бомбаны тапты. Бұл туралы   Associated Press хабарлады.

Казинформ 

Ильиннің олимпиада медалі Польша спортшысына бұйырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша ауыр атлетика қауымдастығының сайтының жазуынша, осы елдің спортшысы Шимон Колецки ресми түрде Бейжіңде 2008 жылы өткен Олимпиаданың 94 келіге дейінгі салмақтағы чемпионы атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Казинформ 

Қызылордада су, жылу және электр энергиясы бағасының тарифтері өзгермейді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментімен тарифтерді бекіту бойынша өтінімдерді қараудан болған экономикалық тиімділік сомасы 2,3 млрд. теңгені құраған.