World News in Kazakh
Январь
2017

Новости за 27.01.2017

Казинформ 

Жерорта теңізінде мыңға жуық мигрант құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Африкадан Еуропа жағалауларына үрлемелі қайықпен жетпек болған мыңға жуық мигрант 27 қаңтар күні Жерорта теңізінде құтқарылды, деп хабарлады Италияның жағалау қызметі.

Казинформ 

Тараздық тәртіп сақшылары шетел көлігін ұрлаған қылмыскерді тапты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде танымал бола бастаған көлік ұрлығы туралы бейнероликтегі «басты кейіпкер» уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Bilim-all 

Ғабит Мүсірепов – сөз зергері

Ғабит Мүсірепов – сөз зергері «Үндестік деген екі дауыстың бірдейлігі емес, ең кем екі түрлі дауыстың қиысуы емес пе? Сөз көркемдігі осы мінездес. Бір сөз бір сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады».             Ғ. Мүсірепов. Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов – ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға. Оның әйгілі әңгіме, пъеса, романдары ел өмірінің ең бір елеулі кезеңдерін – дала азаматының рухани өзгерісін, қилы – қилы қия белін бейнелейді. Көр үнді, көп дауысты мұрасын зерделесеңіз... Читать дальше...

Казинформ 

Оралда Универсиадаға арналған сурет байқауы мәреге жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Алматыда өтетін ХХVІІІ қысқы Универсиадаға арналған «Мен сүйетін спорт түрі» атты балалар суреттерінің байқауы мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Елордада «Сергей Маслов. Жұлдызды көшпенді» атты көрме ашылды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі  Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейімен бірлесіп суретші Сергей Масловтың «Сергей Маслов. Жұлдызды көшпенді» атты жеке көрмесін ашты.

Казинформ 

Жоғарғы Сотта халықаралық сарапшылардың қатысуымен судьялардың семинар-кеңесі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғарғы Сотта халықаралық сарапшылардың қатысуымен жоғары сот органы судьяларының семинар-кеңесі өтті. Оған облыстық соттардың төрағалары мен әкімшілері де қатысты. 

Казинформ 

Исекешев Астананы туристер үшін тартымды қалаға айналдыруда қоғам пікіріне құлақ түрмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Әсет Исекешев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелерін талқылау үшін Фейсбукте арнайы парақшаның ашылғандығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Президент Парламент пен Үкіметке 40-тан астам құзыретін тапсырады- Апталық шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы апта еліміздің ішкі және сыртқы саясатында өте маңызды рөлге ие оқиғаларға толы болды. Апта басында Қазақстанның елордасында өткен Сирия мәселелері жөніндегі Астана процесіне бүкіл әлем көз тіксе, апта соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы үндеу жариялап, қазақстандықтардың назарын аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

БҰҰ: Йемен алапат ашаршылық алдында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йемендегі әскери шиеленіс заманауи әлемдегі ең ірі ашаршылыққа әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ төтенше көмек көрсету үйлестірушісі Стивен О'Брайе мәлім етті, деп хабарлайды BBC.

Казинформ 

Дунай жағасынан көмілген қазына табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс археологтары Дунай жағасынан біздің заманымызға дейінгі 583 жылы көмілген әйелдің сүйегінің қалдықтарын, сондай-ақ алтын, қола және кәріптас бұйымдарын тапты.

Казинформ 

Көкшетауда ҚР Еңбегі сіңген мәдениет қызметкерінің құрметіне мемориалды тақта ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ҚР Еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Манарбек Бексейітовтің құрметіне мемориалды тақта ашылды. Гагарин көшесінің бойындағы №54 үйдің қабырғасына орнатылған тақтаның ашылуы салтанатына өнер иесінің туған-туыстары, бұрынғы әріптестері, ізбасарлары мен зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Жапонияда сабындап, ыстық сумен жууға болатын смартфон таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сабындауға әрі ыстық сумен жууға болатын смартфон - Rafre Kyocera-ның техникалық сипаттамасы өте қарапайым. 720p  рұқсат етілген 5-дюймалық экран, 2 Гб ОЗУ және кеңейтіліп кіріктірілген 16 Гб жады, селфиге арналған 5-мегапиксельді камера және 13-мегапиксельді негізгі камера бар. 

Казинформ 

Теннис: Австралия ашық чемпионатының финалында Рафаэль Надаль мен Роджер Федерер кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін теннистен Австралия ашық чемпионатында ерлер арасында жартылай финалда испаниялық Рафаэль Надаль мен болгариялық Григор Димитровтің кездесуі аса тартысты өтіп, бес сағатқа жуық уақытқа созылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Bilim-all 

Ойдан шыққан әңгіме ...

Демалыс күні болатын - Кәне тұрыңдар, айналайындар, тауға барамыз - деп әкем бізді ерте оятты. Бізбен жағаласа тұрған кішкентай Балжан да тауға барамыз, - деп қуанып жүр.

Казинформ 

Димаш қытайларға қазақша үйретіп жатыр

АСТАНА.ҚазАқпарат - «Singer-2017» ән байқауына қатысып, қытайлық көрермендерді таң-тамаша еткен отандасымыз ертең байқаудың екінші кезеңінде өнер көрсетеді.

Казинформ 

Ерік Сұлтанов аудан әкімдерінің жұмысын сынға алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Облыс әкімдігіндегі жиналыста 2016 жылғы бюджеттің атқарылу қорытындысы мен мемлекеттік сатып алуларды өткізу мәселелері көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Тасмағамбетов Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйінде болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласындағы Алаш қайраткері, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне арнайы барып, тарих және мәдениет ескерткіші саналатын музей үйінің жылдар бойы  қордаланған мәселелерінің шешілуіне мұрындық болмақ.

Казинформ 

Конституциялық реформа Парламентке құзырет қана емес жауапкершілікті де жүктейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде үндеу жариялады. Мемлекеттегі біршама саяси, конституциялық реформаларға арқау болатын бұл үндеуді Елбасының өзі «еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселе» деп бағалаған.

Казинформ 

Қазақстанда медициналық сақтандырудың алғашқы жүйесі неге іске аспай қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрайымы Елена Бахмутова Қазақстанда 90-жылдары қолға алынған алғашқы медициналық сақтандыру жүйесінің не себепті іске аспай қалғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.